Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Төрехан Сабырханның қабілетін бағалады, деп хабарлайды turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
– Төрехан Сабырхан – өте дарынды жігіт. Көп нәрсе оның өзіне байланысты, оның барлығына қалай қадам жасайтынына. Бокс дамып келеді, бір орында тұрмайды. Жігіттер үнемі өз дайындығын пысықтап, бапкерлерімен жұмыс істеуі керек. Төреханда супержұлдыз болуға мүмкіндігі мен перспективасы бар деп ойлаймын, – дейді бас бапкер.
Еске сала кетейік, 19 жастағы Төрехан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өткен әлем чемпионатында 70 келіде ел намысын қорғап, чемпион атанған болатын.