Алматы маңындағы тауларда, Мәншүк Мәметова көлінің жанында ер адам қараңғыда төмен түсіп келе жатып, сүрініп құлап, басынан жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына кезекші құтқарушылар тобы жіберілді. Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Қарау барысында жеңіл дәрежедегі жабық бас-ми жарақаты анықталды. Жағдайы тұрақты, зардап шеккен адам есін біліп, өздігінен қозғала алды.
Тексерістен кейін құтқарушылар оны «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының автотұрағына дейін жеткізді, ал ер адам әрі қарайғы ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне өзі қайтып кетті.