Александр Бублик Қытайда өткен ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

/
Александр Бублик Қытайда өткен ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
ҚТФ

US Open-нен кейін Бублик әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ATP 250 сериясындағы Ханчжоу турнирінің финалында Бублик француз спортшысы Валентен Руайемен кездесіп, тартысты ойында екі сетте – 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Бұл трофей Бублик үшін биылғы маусымдағы бесінші жеңісі болып, оның тұрақты бабында екенін дәлелдейді.

Еске сала кетсек, US Open турниріндегі сәтті өнер көрсеткеннен кейін Бублик ATP әлемдік рейтингінде 19-орынға көтерілген болатын. Оның карьерасындағы ең үздік көрсеткіші – 17-орын, оған ол 2024 жылдың мамыр айында көтерілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары