Алматы облысының жастары: даму әлеуеті мен мүмкіндіктері

Алматы облысының жастары: даму әлеуеті мен мүмкіндіктері

Бүгінде көп аймақтағы жастар Президент жолдауында айтылған бағыттар туралы өз ойын ортаға салып жүр. Сонымен қатар олар ондағы игі бастамалардың нәтижелі жүзеге асуы жолында бірлесе жұмыс істейтінін айтып жарыса жазуда. Өткен аптада Жамбыл облысындағы жасампаз жастардың әлеуетін тізіп шыққан едік. Енді бұл аптада Алматы облысында жастарға жасалған мүмкіндіктер мен әлеуметтік ресурсы туралы баяндағанды жөн санадық.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде Алматы облысында 432 664 жас тұрады. Бұл –өңір халқының 28 пайызы. Қалада 66 440, ал ауылда 366 224 жас тұрады.

Облыста жастармен жұмыс желісі бойынша 10 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді (1 облыстық, 9 аудандық, 1 қалалық).

Ауылдық округтерде жастар саясатын іске асыруға 134 жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы жұмыс атқаруда.

ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, биыл 1 жартыжылдықта Жастар ресурстық орталықтары жастарды мәдени-ағарту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 1 000-нан аса іс-шара ұйымдастырылып, оған 40 мыңға жуық адам қатысқан.

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам жас теология, құқықтану, психология және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алу үшін ресурстық орталықтарға жүгінді.

«Жастарға ақпарат» жобасы тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта ресурстық орталықтардың мамандары халық көп жиналатын орындарда жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру және консультациялық жұмыстар жүргізді.

Облыста 6 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Жастардың өзін – өзі басқару органдарының саны - 44. Оның 1-і ЖОО-да, 40-ы ТжКБ ұйымдарында және 3-і кәсіпорындарда.

Еріктілер қызметін насихаттау бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп келеді. Облыста 3 мыңнан астам тұрақты еріктілері бар волонтерлік фронт-офис жұмыс істейді. Жыл басынан 8 мыңнан астам адамды қамтитын 350-ден астам қайырымдылық жобасы іске асырылды. 

Биыл 1-наурыздан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ ұйымдастырған «Игі істер марафоны» жобасы аясында Алматы облысында 5 бағыт бойынша 450-ге жуық іс-шара өткізілді. Жоба қоғам өмірін жақсартуға бағытталған еріктілік пен қайырымдылық дәстүрін қалыптастыруды көздейді. Қазір облыс бұл бағытта Республика бойынша 1-орында тұр. Жоба 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін 20 жеңімпаз марапатталады.

Облыста 1 жоғары оқу орны және 40 орта арнаулы оқу орны (мемлекеттік - 22, жекеменшік - 18) бар. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер саны – 9 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21 мыңнан астам жас білім алады.

Облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласында 40 колледж жұмыс істейді, оның 22-сі мемлекеттік (4-і жабық мекемелерде орналасқан, 1-і денсаулық сақтау басқармасының қарамағында), 18-і жекеменшік.

Облыста 18 колледжде 4 744 орындық жатақхана бар (16 мемлекеттік, 2 жеке). Жатақханаларда сұранысқа сәйкес, 2 950 студент (2 285 мемлекеттік, 665 жеке) тұрады.

2024 жылы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қаласы мен Балқаш, Кеген, Райымбек аудандарында типтік жоба бойынша заманауи, жабдықталған жастар коворкинг-орталықтары ашылды. Биыл Қарасай және Іле аудандарында коворкинг-орталығын ашу жоспарлануда. Бұл орталықтар облыстың ауыл жастарын әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. 

Мәдениет саласының қолданыстағы инфрақұрылымы облыс тұрғындарының, оның ішінде жастардың демалысы мен демалуына жағдай жасайды. Алматы облысы мәдениет ұйымдарының 293 нысаны, оның ішінде 119 мәдениет үйлері мен клубтар, 144 кітапхана, 15 мұражай, 11 мұрағат, 4 облыстық мәдениет демалыс ұйымы бар. 

Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 1821 нысан бар. Оның ішінде: 15 стадион, 9 спорт кешені, 3 ұлттық құрама оқу орталығы, 31 спорт кешені (соның ішінде 10 спорт залы), 2 спорт аренасы, 2 шаңғы базасы, 3 атыс тирі, 4 тир, 1 яхта клубы, 1 конькимен жүгіру стадионы, 4 хоккей корты, 1072 тегіс ғимарат, 7 теннис корты, 4 ипподром, 19 бассейн, 596 спорт залы, 48 қосымша спорт залы.

Алматы облысында 1 000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен халықты қамтамасыз ету көрсеткіші қазір 49 пайзыды құрайды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұған дейін болған «Алатау жастары» бағдарламасы «Алатау» болып қайта жасақталды. Бұл бағдарлама жалпы өңірлік болмақ, алайда жастарға арналған 30% квота сақталынатын болады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруды облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасына тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы мәслихатының шешімімен Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне жалақының 50% көлемінде үстемеақы төлеуге қаржы бөлініп, республика бойынша алғашқылардың қатарында болып тамыз айынан бастап 85-90 мың теңге алып жүрген мамандарға 50% үстемақы тағайындалды.

Сондай-ақ,  ҚР Үкіметінің  2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы негізінде  2022 жылдан  бастап белгілі  проценттік көрсеткіштермен қосылып отырды. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап түзету коэффициентін қолдана отырып, қызметкерлердің жалақысына 29% мөлшерінде үстемақы қосылды.

Бұл өз кезегінде Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жұмыста тұрақтауына және қосымша ынталандыру арықылы жұмыс қарқының түсірмеуге септігін тигізді.

2024 жылы барлық аудандық ресурстық орталықтардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды (соңғы 5 жылда жаңарту болмаған).

Сонымен қатар, биыл жыл басында 9 аудандық Жастар ресурстық орталықталығының мамандары мен ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушыларға арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылып, тестілеу өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар бастамаларын қолдау және дарынды жастарды ынталандыру аясында Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығы, сондай-ақ өз потенциалын түрлі салада абыроймен танытқан ең дарынды, креативті өңір жастарын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы биылғы жылы жалғасын табатын болады.

Жастарды жұмыспен қамту шаралары үшін 2024–2029 жылдарға арналған ҚР еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында Алматы облысында жұмыс орындарын құрудың Өңірлік картасы бекітіліп, 2025 жылға 60 230 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның ішінде: 4607 – тұрақты, 14 248 – уақытша жұмыс орындары.

Белсенді жұмыспен қамту шараларымен 12 402 адам қамтылатын болады, соның ішінде: жастар практикасына – 1 093 адам, ұрпақтар келісімшартына – 44 адам, алғашқы жұмыс орнына – 676 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 7 362 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 627 адам. Белсенді жұмыспен қамту шараларымен 12 402 адам қамтылады, соның ішінде: жастар практикасына – 1 093 адам, ұрпақтар келісімшартына – 44 адам, алғашқы жұмыс орнына – 676 адам, қоғамдық жұмыстарға – 7 362 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 627 адам.

Өңірлік карта аясында 18 744 жас азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, кәсіби дағдыларын жоғалтқан адамдарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 860 адам жіберу көзделіп отыр.

Әлеуметтік осал топтар арасындағы кәсіпкерлік белсенділікті қолдау мақсатында 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған – 260 адамға. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2 260 адам жіберу жоспарланған. Қосымша Enbek.skills.kz онлайн платформасы жұмыс істейді, ол кәсіби және кәсіпкерлік дағдыларды қашықтықтан үйренуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 6 385 адам қамтылды. 6 385 жастың ішінде: 2 329 адам enbek.kz порталы арқылы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 3 152 адам мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 2 027 адам, жастар практикасына – 547 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 115 адам, алғашқы жұмыс орындарына – 443 адам, ұрпақтар келісімшартына – 20 адам.

Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында, жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы арқылы 99 адам жұмысқа орналастырылды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 613 адам оқуға жіберілді, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 152 адам.

Сонымен қатар, 400 АЕК көлеміндегі гранттарды берудің I легі аясында бизнес-жобаларды қорғау рәсімі басталды. Нәтижесінде жастар қатарынан 40 адам грант алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында – әрбір 10 мың еңбекке жарамды халыққа кемінде 100 жұмыс орнын құру, облыс бойынша 4 533 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2 335-і жастар үшін.

Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыста 44 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Жыл басынан бері 31 жәрмеңке өткізілді, онда 318 жұмыс берушіден 1 877 бос жұмыс орны ұсынылды. Бұдан бөлек, аудандарда халықпен 102 кездесу, 33 дөңгелек үстел мен семинар өткізілді.

Әлеуметтік желілер мен газеттерде 1 467 ақпараттық материал жарияланды, жұмыспен қамту шаралары туралы ақпарат 2 билбордта, 8 ақпараттық стендте орналастырылды.

Алматы облысы бойынша мобильді жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Жыл басынан бері мобильді орталық өкілдері шалғай елді мекендерге 46 рет шықты.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудомания, суицидтің алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ, волонтерлердің қатысуымен облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 500-ден астам заңсыз граффити жойылды, 1 мың ақпараттық буклет таратылды. Нашақорлық, суицид және құмар ойындарға қарсы облыс бойынша көлемді 10 семинар ұйымдастырылып, 1 200 жас қамтылды.

Шілде айында облыс көлемінде түнгі рейдтер жүргізіліп, нәтижесінде 118 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, полиция өкілдерімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жастармен қатар ата-аналармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.

Алматы облысының әр аудан, қаласында орналасқан 11 жастар ресурстық орталығындағы психолог-маманның функционалдық қызметінің бірі – нашақорлықтың алдын алу бағыты.

Осыған сәйкес психолог мамандардың ұйымдастыруымен аталған бағытта  54 іс-шара өткізілді.

Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «OZGER» жобасы аясында Қонаев қаласындағы «COWORKING» орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға дін, психология, құқық және әлеуметтік бағыттағы мамандар қатысып, арнайы есепте тұрған жастармен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік бейімдеу және өмірлеріне оң өзгерістер енгізу бойынша түрлі жұмыстар жүргізді.

Қатысушылар Enbek.kz, Kezekte.kz, El.Jastary порталдарымен танысып, онлайн қызметтерге қол жеткізу жолдарын үйренді. Психолог мамандар мазасыздықтан арылу мен өзін-өзі бағалауға бағытталған жаттығулар жүргізді.

Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен оқушыларға арналған ашық кездесулер өтті. Заң үстемдігі, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік туралы маңызды сұхбаттар ұйымдастырылды.

«Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған рейдтер өтті. Полиция департаменті, прокуратура, жастар ресурстық орталығы және еріктілердің қатысуымен 200-ге жуық граффити өшірілді. Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы есірткі қылмыстарын жедел анықтау жұмыстары жалғасуда — 800-ден астам хабарлама келіп түсті, 10-ы расталды.

«26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай «OILAN» жастар форумы өтті. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар, сала мамандары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды белсенді азаматтық ұстанымға шақырды.

Жалпы, облыс көлемінде 2 000-ға жуық жасты қамтыған 23 іс-шара өтті. Оның ішінде «ANTI-GRAFFITI» секілді акциялар жалғасып, мектеп оқушыларынан құралған еріктілер есірткіге қатысты жазбаларды жойып, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосты.

Бұл кешенді шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, есірткіге қарсы иммунитет пен құқықтық сананы арттыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары