25-27 қыркүйекте Қазақстанда бұршақ аралас жаңбыр жауып, күн суытады

/
25-27 қыркүйекте Қазақстанда бұршақ аралас жаңбыр жауып, күн суытады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 25-27 қыркүйегіне арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронтальді бөліктер елдің басым аумағында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен жаңбыр жауады, 26 қыркүйекте – батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте – солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы уақытта шығыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

«Ауа температурасы: батыста түнде 12-17-ден 2-7 градус жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градус үсік жүреді, күндіз 20-28-ден 10-23 градусқа дейін, солтүстік-батыста түнде 7-15-тен 3-11 градусқа дейін, күндіз 23-29-дан 10-18 градусқа дейін, солтүстікте түнде 10-16-дан 5-13 градусқа дейін, күндіз 20-28-ден 12-25 градусқа дейін, елдің орталығында түнде 5-13 жылылық, күндіз 20-25 градус жылылық күтіледі. Шығыста түнде 0-8 градусқа дейін көтеріледі, солтүстік пен шығыста 2 градус үсік болады, күндіз 15-25-тен 20-28 градусқа дейін жылы. Оңтүстікте түнде 5-15, күндіз 25-30 градус жылылық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнде 5-13-тен 7-15-ке дейін, күндіз 15-27-ден 22-30 градусқа дейін көтеріледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары