«Дұрыс емдемеген»: Дәрігерлер алматылық келіншектің бақайын кесіп тастады

/
«Дұрыс емдемеген»: Дәрігерлер алматылық келіншектің бақайын кесіп тастады
istockphoto.com

Алматыда әйел қант диабетін дұрыс емдемеген медициналық орталықты сотқа берді. Сапасыз ем салдарынан оның саусағын кесуге тура келген. Сот талапты ішінара қанағаттандырып, өтемақы төлеу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алмалы ауданы №2 аудандық сотында М.-нің медициналық орталыққа қарсы азаматтық ісі қаралды. Әйел диабет асқынуларын емдету үшін орталыққа жүгініп, 420 мың теңге төлеген.

Алайда, сот анықтағандай, көрсетілген көмек жағдайын жақсартпай, керісінше, нашарлатқан. Ауруы асқынып, басқа клиника дәрігерлері науқастың оң аяғындағы бақайын кесуге мәжбүр болды.

«Медициналық орталықта жүргізілген ем нәтиже берген жоқ, денсаулығы нашарлады. Кейін басқа клиника дәрігерлері көрсетілген қызметтің салдарын жоюға мәжбүр болды, бұл бақайдың ампутациясына әкелді. Мұның барлығы физикалық азап пен елеулі моральдық шығынға себеп болды», – делінген сот материалдарында.

Істі қарау барысында жауапкердің талапты мойындауын және анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот медициналық орталықтан 120 мың теңге материалдық және 500 мың теңге моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары