Биыл Қазақстанда бес құс фабрикасы іске қосылады

/
Биыл Қазақстанда бес құс фабрикасы іске қосылады
istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Қазақстанда құс етімен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейінің артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2020 жылы қамтамасыз ету деңгейі небәрі 58% болған. Соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдетілген несиелендірудің арқасында бұл көрсеткішті 82%-ға дейін көтеру мүмкін болды.

«Біз импортқа тәуелділікті азайттық. Жалпы, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. 2027 жылға қарай 100% құс етімен қамтамасыз етеміз», – деді министр.

Сапаровтың айтуынша, елде құс шаруашылығы саласында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Макин құс фабрикасына қоса, «Примакус», «Северный Бронер» және басқа да кәсіпорындар қарқынды дамып келеді. Биыл тағы бес жаңа құс фабрикасын іске қосу жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары