Алматыда үшем дүниеге келді

/
Алматыда үшем дүниеге келді

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні Алматының перзентханаларында 69 сәби дүниеге келген: 32 ұл және 37 қыз бала. Қала күні қарсаңында перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жарық дүние есігін 1968 грамм салмақпен, бойы 42 см болған ұл, 1648 грамм салмақпен, бойы 40 см болған қыз және тағы бір қыз – 1699 грамм салмақпен, бойы 41 см болып ашты. Жүктілік “Аңсаған сәби” мемлекеттік ЭКО қолдау бағдарламасының арқасында жүзеге асты», – делінген хабарламада.

Медициналық көрсеткіштерге байланысты босану 32-аптада шұғыл түрде өткізілген. Сәбилердің анасының жасы – 30-да.

Таңғы төрттің шамасында болған оқиғаға қарамастан, перинаталдық орталықтың мамандар тобы жедел жұмылдырылды. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында кесарь тілігі сәтті өтті. Дүниеге келген сәттен бастап нәрестелерге жаңа туғандар реанимациясы бөлімінде көмек көрсетіліп, кейіннен патология бөліміне ауыстырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары