Алматыда жас қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Туыстарының айтуынша, ол такси жүргізушісі болып істеген және бұған дейін қызға көңіл білдірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазнетте Алматыда 18 жастағы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат тарады. Туыстарының айтуынша қыз сол күні кешкісін байланысқа шықпай қойған, ал кейін өзін такси жүргізуші болып істейтін бейтаныс ер адам зорлағанын айтқан.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады.
«Жәбірленушінің арызында көрсетілген дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алматы полициясы істің жан-жақты әрі объективті тергелуін қамтамасыз етеді», – деп мәлімдеді ДП өкілі.