Қарағандыда браконьерлерден 120 келі бұғы еті тәркіленді

/
Қарағандыда браконьерлерден 120 келі бұғы еті тәркіленді
polisia.kz

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осакаров ауданында жүргізілген рейд барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды. Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлері күдіктілердің қаруларын тәркіледі.

Екінші дерек Нұра ауданында тіркелді. Рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті табылды. Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған.

Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары