Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді

/
Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді
Коллаж: Turkystan.kz

16-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері контрафакті өнімдерін анықтау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының аумағында «Apple» тауар белгісімен ірі контрафактілік өнім партиясын сату дерегі анықталды. Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыш құрылғылар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафактілік аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды. Осы факті бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстінің» 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 2 млн. теңге сомасына 1,5 мың дана өнім тәркіленді.
Осыған ұқсас факт Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының жанында орналасқан қойма үй-жайында анықталды. Онда WD-40 (әмбебап мақсаттағы техникалық аэрозоль) тауар белгісімен контрафактілік шығу белгілері бар өнімдері бар көтерме қойма табылды.
Жеке кәсіпкерге қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 3 млн. теңге сомасына 2 мыңнан астам жалған өнім тәркіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары