Биржада доллар бағасы төмендеді

/
Биржада доллар бағасы төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа бағамы 541,19 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 қыркүйекке белгіленген ресми доллар бағамы – 541,34 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 541,34 теңге, сату бағамы – 543,13 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 539,66 теңгеден сатып алып, 544,66 теңгеден сатады.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге өсті, 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге төмендеді, 17 қыркүйекте 1,25 теңгеге өсті, ал 18 қыркүйекте 0,21 теңгеге көтерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары