Білезік пен алақан ауруы: Компьютер қолды қалай құртады?

/
Білезік пен алақан ауруы: Компьютер қолды қалай құртады?
istockphoto.com

Кеңсе қызметкерлері арасында қол буындарының аурулары жиілеп барады. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Пирогов атындағы университетінің травматология, ортопедия және әскери-далалық хирургия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ирина Чуловская айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қытайда жүргізілген зерттеу деректеріне сүйенсек, әрбір бесінші кеңсе қызметкері білезік пен қол саусақтарының ауырсынуы мен ұйып қалуына шағымданған. Көптеген қызметкерлерге дәрігерлер «білезік каналы синдромы» деген диагноз қояды. Бұл – «туннельді синдромның» бір түрі.

«Туннельді синдромдар жүйке талшықтары өтетін каналдарда қолайсыз өзгерістер пайда болғанда дамиды. Ең белгілі әрі кең тараған түрі – карпальды (немесе білезік) канал синдромы. Бұл канал алақан түбінде, білезік аймағында орналасқан. Оның ішінде саусақтарды бүгетін сіңірлер мен ортаңғы жүйке өтеді. Ортаңғы жүйке аса маңызды: ол қол қимылына, сезімталдығына, сондай-ақ бірінші–төртінші саусақтың қозғалысына жауап береді. Каналдағы қысымның артуы ауырсынуға әкеледі. Ұсақ қимылдарды орындау қабілеті жоғалады. Ауру асқынған жағдайда адамның өзін-өзі күтуден толық айрылуы мүмкін», – дейді дәрігер.

Қолдың саулығын сақтау үшін не істеу қажет?

  • Жұмыста әр жарты сағат сайын немесе әр 45-50 минутта үзіліс жасаңыз;
  • Үзіліс кезінде қол бұлшық етін босатып, қан микроциркуляциясын жақсартатын қарапайым жаттығуларды орындаңыз;
  • Жұмыс орныңызды клавиатурамен жұмыс істегенде шынтақтың иілу бұрышы 90 градус болатындай етіп реттеңіз;
  • Саусақтарға түсетін жүктемені қайта бөлуге мүмкіндік беретін клавиатура мен тышқанға арналған арнайы тіреуіштерді пайдаланыңыз.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары