Чемпиондар лигасы тарихында пенальти қайтарған ең жас қақпашы – Associated Press Шерхан Қалмырза туралы

/
Чемпиондар лигасы тарихында пенальти қайтарған ең жас қақпашы – Associated Press Шерхан Қалмырза туралы
сурет: Maciej Rogowski/IMAGO/Ball Raw Images via Reuters Connect

Associated Press агенттігі «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы ойыншысы Шерхан Қалмырза туралы мақала жариялады. Ол бейсенбіде  лиссабондық «Спортингке» қарсы өткен кездесуде Чемпиондар лигасы тарихында пенальти қайтарған ең жас қақпашы атанған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында пенальтиді қайтарып, турнир тарихында осындай нәтижеге жеткен ең жас ойыншы болды. Бейсенбі күні өткен матчта «Қайрат» Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен жол берді. Дегенмен Қалмұрза бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, көзге түсті, – деп жазды агенттік.

Агенттік келтірген UEFA дерегінше, 18 жас 96 күндегі қақпашы турнир тарихындағы үшінші ең жас голкипер саналады. Сонымен қатар, ол 2017 жылы 18 жас 65 күнінде «Бенфиканың» қақпасында ойнаған Миле Свилардан кейінгі пенальти қайтарған екінші ең жас қақпашы атанды. Ол кезде Свилар «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Антони Марсьялдың соққысын тоқтатқан еді.

Еске сала кетейік, алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы турында сырт алаңда лиссабондық «Спортингке» қарсы кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңілген болатын. Енді «Қайрат» ойыншылары Чемпиондар лигасы аясындағы келесі матчта 30 қыркүйекте өз алаңында «Реал Мадрид» футболшыларына қарсы ойнайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары