Петропавлда үш жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

/
Петропавлда үш жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті
istockphoto.com

Оқыс жағдай 17 қыркүйекте Жамбыл көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, қазір ол жансақтау бөлімінде.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Құқық қорғаушылар мұндай қайғылы оқиғалар көбінесе ересектердің бақылауының болмауынан орын алатынын еске салады.

«Құрметті ата-аналар, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасаңыздар, терезелерге арнайы бекіткіш құрылғылар орнатыңыздар», – деді полиция.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, балалардың терезеден құлау оқиғалары жыл сайын тіркеледі, олардың көпшілігі ауыр жарақаттармен аяқталады. Полицейлер ересектерді ерекше мұқият болуға және балаларды тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары