«Жиырмаға толмай «Құрмет» аламын деп ойламадым»: Төрехан Сабырхан марапаты жайлы айтты

/
«Жиырмаға толмай «Құрмет» аламын деп ойламадым»: Төрехан Сабырхан марапаты жайлы айтты

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Мемлекет басшысының қолынан марапат алғаны туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ағамның артынан еріп боксқа қатысып бастағанымда чемпион боламын, топ жарамын деген мақсат болды ғой. Бірақ жиырмаға толмай «Құрмет» алуды ойламаған едім. Алланың маңдайға не жазғанын пендесі біле бермейді ғой. Бүгін сол алдын-ала ойламаған, бірақ кеуде кернеп, қуаныш қойынға сыймай тұрған күндердің бірі болды. Ел президентінің қолынан марапат алдық. Ағам да, өзім де. Бұл марапат бізге ары қарай жігер беретін, бізден кейін өсіп келе жатқан жігіттерге шабыт сыйлайтын сәт болды деп ойлаймын. Еңбектің еленгені, маңдай тердің ақталғаны кімге болсын үлкен мәртебе. Осы жолда қолдаған отбасыма, жанкүйер - қазақ елі сіздерге, командалас бауырларыма алғысым шексіз!", - деп жазды ол.

Еске салайық,  жақында Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында 19 жастағы қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жеңімпаз атанған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары