«Араға 10 жыл салып»: Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығын бөлісті

/
«Араға 10 жыл салып»: Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығын бөлісті
instagram

Танымал әнші Қайрат Нұртас тыңдармандарын жағымды жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі 31 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда жеке ән-кешін бермек. 

“Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз. 20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз! Кездескенше, сүйікті тыңдарман! Мен сені күтемін", – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының концертін қызу талқылап жатыр.

"Бұйырса барамыз", "Легенда оралды", "Бұған бір рилс салса да жетеді, бір стадионды жинап алады", "Стадион тек Қайраттарға рұқсат қой", "Кім не десе де легенда ғой", “Отбасын түгел алып шықсын”, - деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары