Павлодар облысында пеш жақпақ болған бала бетін күйдіріп алды

/
Павлодар облысында пеш жақпақ болған бала бетін күйдіріп алды
istockphoto.com

Тереңкөл ауданында пеш жақпақ болған жасөспірімнің бетін күйік шалған. Оқушы пешті бензинмен тұтатпақ болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бала үйде пеш жақпақ болған. Отты тұтату үшін бензин қолданған. Бензин қолдануға қатаң түрде тыйым салынған», – деді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Жарақат алған мектеп оқушысы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оның ата-анасы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары