Маңғыстау облысында полицейлер Мұнайлы ауданының үш тұрғынын есірткі қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұстады. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары және Атамекен ауылы әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, басқа фигуранттарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.
«Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады әкімдік.