Өскеменде көлік қаққан әйел қаза тапты

/
Өскеменде көлік қаққан әйел қаза тапты
видеодан скриншот

Өскемен көшелерінің біріндегі қиылыста жол-көлік оқиғасы болып, автокөлік әйелді қағып кетті. Апат 15 қыркүйек кешкі уақытта Назарбаев даңғылында, «Аврора» маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада әйелдің реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқаны көрінеді. Ол трамвай жолдарынан өтіп, жолдың екінші бөлігіне қадам басқан сәтте көлік қағып кеткен. Соққыдан жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып түскен. Әйел оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары