Бокстан бұрынғы әлем чемпионы көз жұмды

/
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы көз жұмды
oxu.az

Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Ұлыбританиялық Рикки Хаттон 46 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Oxu.Az басылымы жазды.

Берілген мәліметке сәйкес, қыркүйектің 14-і таңертең атақты британдық боксшының денесі Үлкен Манчестердегі үйінен табылған.

Қасақана өлімге қатысты ешқандай күдік жоқ. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетсек, қайғылы жағдайдың алдында бірнеше апта бұрын Хаттон мансабын қайта жалғастыру жоспарын бөліскен болатын.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары