Алматыда жоғалып кеткен жігіт үш айдан бері табылмай жатыр

/
Алматыда жоғалып кеткен жігіт үш айдан бері табылмай жатыр
istockphoto.com

Алматыда 34 жастағы ер адамды үш айдан бері іздестіріліп жатыр. Lider.kz волонтерлері Instagram парақшасында хабарландыру жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Климов Александр Сергеевич, 1991 жылы туған, 20 маусым күні жоғалып кеткен. Таңертең сағат 10:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Мекенжайы: Іле ауданы, Боралдай ауылы, Әйтеке би көшесі, 13-үй.

Белгілері: бойы – 175-180 сантиметр, арықша дене бітімді, шашы – қоңырқай, қызғылт реңкі бар, көзі – қоңыр.

Қандай киімде болғаны белгісіз. Волонтерлер ер адам туралы басқа мәлімет келтірмеген.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары