Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары ескерткішін қорлаған тұрғын айыппұл арқалады

/
Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары ескерткішін қорлаған тұрғын айыппұл арқалады

Астана қаласында Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш бетіне косметикалық заттар жаққан белгісіз әйел жазаға тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келіп, 36 жастағы елорда тұрғынын бөлімшеге жеткізді. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды. Полиция ескерткіштерді, мемориалдар мен мәдени мұра нысандарын қорлауға кез келген талпыныс заң аясында қатаң тоқтатылатынын еске салады. Мұндай вандализм — құрбандардың рухына деген құрметсіздіктің жол берілмейтін көрінісі және жазасыз қалмайды", - делінген Астана қаласының полиция басқармасы таратқан ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары