Қазақстан азаматы 32 млн теңгеге «65 тіс» салдырған

/
Қазақстан азаматы 32 млн теңгеге «65 тіс» салдырған
istockphoto.com

Қазақстандық азамат тістерін емдету үшін зейнетақы қаражатын пайдалану жөнінде 11 рет өтініш беріп, нәтижесінде 32,6 миллион теңге алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Клиенттердің бірі тістерін емдету үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану туралы 11 рет өтініш берген. Оның жалпы алған сомасы 32,6 миллион теңгені құрады. Егер бір имплант пен тақтыру құны 500 мың теңге деп есептесек, бұл ақшаға 65 имплант орнатуға болар еді», – делінген Отбасы банкінің хабарламасында.

Тағы бір жағдайда қазақстандық 27 рет өтініш берген. Аударылған жалпы сома 13,1 миллион теңге болған.

«Тағы бір клиент тіс емдеуге 24,7 миллион теңге жұмсаған. Бұл сома біржолғы түрде стоматологиялық клиникалардың біріне аударылды», – деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары