Іле ауданында металл қабылдау пункті аумағында үш адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның дерегінше, оқиға орнында белгісіз заттың жарылысына ұқсас дыбыс шыққан. Үш адамның денесі табылды. Шақырту орнына бірден жедел қызмет өкілдері – полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем бригадасы жетті.
«Қайғылы оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға қатаң сәйкес жүзеге асырылуда», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.