Әлемнің 5 дүркін чемпионы: ӘЧ жартылай финалына шыққан 9 қазақстандық боксшының қарсыластары кім?

Әлемнің 5 дүркін чемпионы: ӘЧ жартылай финалына шыққан 9 қазақстандық боксшының қарсыластары кім?
Olympic.kz Сали Сабиров

Қазақстан ұлттық құрамасының 9 боксшысы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай финал кездесулері 12-13 қыркүйек аралығында өтеді. Ал 14-і күні боксшылар алтын жүлде үшін таласқа түседі.

Жартылай финалға шыққан әйелдер құрамы:

48 келі. Назым Қызайбай – Анна Охота (Украина)

51 келі. Алуа Балқыбекова – Синью Ци (Қытай),

60 келі. Виктория Графеева – Ребека Де Лима Сантос (Бразилия),

65 келі. Аида Әбікеева – Грэйни Мари Уолш (Ирландия),

70 келі. Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия),

80 келі. Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша).

Жартылай финалға шыққан ерлер құрамы:

50 келі. Санжар Тәшкенбай – Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)

55 келі. Махмұд Сабырхан – Чуанг Лиу (Қытай),

70 келі. Төрехан Сабырхан – Одел Камара (Англия),

+90 келі. Айбек Оралбай – Хулио Сезар Ла Круз (Куба).

Хулио Сезар Ла Круз – екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016 және 2020), 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының ширек финалисі, бес дүркін әлем чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017, 2021), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019).

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары