Tesla маркалы көліктің жүк салғышынан адамның мәйіті табылды. Табылған дене мүшелері толық емес, деп хабарлайды turkystan.kz.
Лос-Анджелес полициясы көліктен шыққан қатты иісті сезіп келген. Автотұрақ қызметкерлері машина бірнеше күн бұрын қалдырып кеткенін айтқан. Сол себепті полиция көлікті тексерген.
Көліктің жүк салғышынан сөмкеге салынған адам денесі табылды. Журналистердің дерегінше, сөмкедегі қалдықтар «толық емес» болған. Қатты ыдырау салдарынан марқұмның жеке басын әзірге анықтау мүмкін болмаған.
Мәйіт табылған Tesla көлігі әнші D4vd-ке (шын есімі – Дэвид Энтони Бёрк) тиесілі. Ол музыкалық мансабын 2021 жылы бастаған – алғашқы тректерін әпкесінің шкафында жазған. 2022 жылы оның бірнеше композициясы TikTok-та вирус болып таралып, музыкант тез арада танымалдыққа ие болды. Мәйіт оның көлігінен табылған сәтте D4vd гастрольдік турда жүрген.
Музыкант өзіне кісі өлтіруге қатысы жоқ екенін мәлімдеп, тергеумен ынтымақтастық жасауға дайын екенін айтты.