«Әділ төрелік жасалды ма?»: Олимпиада чемпионынан жеңілген Ертуған Зейнуллинов жанкүйерлерге алғыс айтты

/
«Әділ төрелік жасалды ма?»: Олимпиада чемпионынан жеңілген Ертуған Зейнуллинов жанкүйерлерге алғыс айтты
Olympic.kz

Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалған қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов жанкүйерлеріне алғыс айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ассалаумағалейкум қазақ елім!

Барымды салдым, өздеріңіз көргендей, бәрі де Алланың қалауымен болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолдарыңызда. Ең әуелі – Аллаға шүкір! Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!», – деді боксшы.

Еске сала кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Ертуған өзбекстандық, Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхужаевпен бокстасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Асадхуджа Муйдинхужаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары