«Ұрысқым келмеді»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен неге өнер көрсетпей кеткенін түсіндірді

/
«Ұрысқым келмеді»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен неге өнер көрсетпей кеткенін түсіндірді

Танымал әнші Сырым Исабаев бұрынғы әріптесі Қайрат Нұртаспен неліктен бірге жұмыс істемей кеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз ең алғаш бірге бастап шыққанда, мақсатымыз халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде ойымыз бір жерден шығады: Қайратқа ұнаған ән маған да ұнап, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе ұнаған ән халыққа да ұнады. Алайда ақыр аяғында әркімнің ой-пікірі әр түрлі болды. Бұл нәрсе жалғаса берсе, ұрсып та қалатынымызды білдім. Мен еш нәрсені ұрыспен аяқтағым келмейді. Біреудікі дұрыс емес болса да, «сенікі дұрыс» деу жолыңды ашады. Бұның бәріне біреу кінәлі деп айтуға болмайды. Мұның бәрін басқарған Гүлзира әпкеміз болды. Гүлзира әпкеміз не десе, біз бәріне бағынамыз», – деді Сырым Исабаев.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары