Қазақстандық бұрымды боксшы Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында Париж-2024 Олимпиадысының күміс жүлдегері Юлия Шереметамен (Польша) кездесті.
Отандасымыз алғашқы раундта басым түсті. Дегенмен польшалық боксшы екінші және үшінші үшминуттықта тізгінді қолына алып, жеңіске жетті.