Қазақстанда алғаш рет Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған jukebox мюзикл түсірілді

Қазақстанда алғаш рет Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған jukebox мюзикл түсірілді

«Болашақ» бағдарламасымен Нью Йорк фильм Академиясында білім алып келген киногер Санат Шапашев «Бақыт құшағында» атты қазақ киносын көпшілік назарына ұсынбақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл – қазақ киносы тарихындағы тұңғыш jukebox мюзикл. Голливудтан арнайы алынған камерамен Астанада түсірілген.

«Нью Йорк фильм академияда оқып жүргенде дәл осы миссия мені үнемі жігерлендіретін. Сондықтан, тұңғыш қазақша джубокс мюзиклдың сценарийі сонда жүргенде дайын болды», – дейді режиссер. 

Фильм ұрпақтар ауысымында, заман түрленісіне қарамастан қазақ қоғамын біріктіруші ірі рухани құндылық – Шәмші Қалдаяқовтың әндері негізінде түсірілген. Джубокс мюзикл үшін вальс королінің 12 әні симфониялық оркестрмен жазылып, кино арқылы көрерменге ұсынылмақ.

«Кино арқылы отбасы беріктігі, анаға құрмет, шын махаббат, ердің мықтылығы, әйел дамуы секілді маңызды, өзекті тақырыптарды сценарийге негіз қылып алдым. Фильм барша қазақты Шәмші Қалдаяқовтың арнайы симфониялық оркестрмен жазылған әндерімен ерекше әсерлендірмек. Вальс королінің әндері барлығымызды біріктіруші күшке ие», – дейді киногер.

Айта кетерлігі, басты рөлде Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек ойнайтын «Бақыт құшағында» джубокс мюзикл фильмінде бір эпизодта 230 актер билейтін ірі массалық кадрлар бар. Фильм 23 қазан – қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай үлкен экранға жол тартпақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары