Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің әлсіреген құлынға су беріп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Полиция.кз жазды.
Оқиға Атырау облысында болған. Жол жиегінде жатқан құлынды байқаған патрульдік полиция ротасының взвод командирі Ақылбек Хошаев жануарға бөтелкемен су ішкізіп, қолдан келгенше көмек көрсетті. Бұл әрекет – адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болып, әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері жол апаттарының алдын алу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осыған байланысты трассаларда үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін екенін ескертеді. Мал иелері жануарлардың жайылуын қадағалап, оларды жол бойында қараусыз қалдырмауы қажет.