Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай Қытай қазағын жеңіп, ширек финалға өтті

/
Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай Қытай қазағын жеңіп, ширек финалға өтті
Olympic.kz

Қазақтан ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатханмен кездесті.

Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары