Кванджу қаласында (Оңтүстік Корея) садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс аясында блоктық садақ атудан жекелей сайыстар өтті.
Қазақстан құрамасының қос өкілі үздік ондыққа енді.
Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Қазақстандық мергендер әлем біріншілігінде 1/8 финалға дейін жетті.
Айта кетейік, ұлттық құрама әйелдер арасындағы командалық сайыста қола медальға ие болды. Бұл жетістікке Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян қол жеткізді.