Қазақстанның жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Англиямен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ойын Ақтөбедегі «Орталық» стадионында өтті.
Англия алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болып, гол соғып үлгерді. Алдымен есепті Итан Нванери ашса, артынша Джоб Беллингем нәтижелі соққысымен көзге түсті. Осыдан кейін қазақстандық футболшылар белсенді ойнай бастады, бірақ қауіпті сәттерін голға айналдыра алмады.
Екінші тайм тең дәрежеде өткеніне қарамастан, есеп өзгерген жоқ — 0:2.
Енді Қазақстан құрамасы 9 қазан күні сырт алаңда Андорраға қарсы матч өткізеді.