Боксшы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Боксшы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
sportarena.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

70 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Төрехан Роберт Боспен (Нидерланд) қолғап түйістірді.
Отандасымыз үшін бұл жекпе-жек оңай болған жоқ. Бірінші раундта нидерландтық боксшы басым түсті. Дегенмен Төрехан Сабырхан екінші раундта тізгінді қолына алды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары