Қалалық криминалдық полиция 2003 жылы туған Ақтау тұрғынын іздеу туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.,
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында іздестірілуде.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдіктіні іздеу фактісін растады, алайда қылмыстың мән-жайын жариялаған жоқ.
Күдіктінің қайда екені жайлы хабары бар жандардан Ақтау қалалық криминалдық полициясына +7 (7292) 47-48-10, 47-49-40, 47-48-02, +7 (776) 910-26-26 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.