Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді

/
Карина Ибрагимова мен Аида Әбікеева Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді
Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күндізгі сессияны бастаған, 57 келідегі Карина Ибрагимова бірінші айналымда Грекия өкілі Панагиота Кузилоудан 5:0 есебімен басым түсті.

Қарсылас алға ентелей ұмтылғанымен, отандасымыз қарымта шабуылда сәтті қимылдай алды. Нәтижесінде төрешілер бірауыз шешіммен жеңісті Каринаға берді.

Айта кетейік, Карина Ибрагимова өз мансабында үш мәрте жаһандық доданың медалін еншілеген.

Аида Әбікеева 1/8 финалға жолдама алды. Әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева алғашқы айналымда осы салмақтағы фавориттердің бірі, Париж Олимпиадасының ширек финалисі Лука Хамориден (Мажарстан) басым түсті.

Бірінші раундта төрешілер барлық ұпайды қарсыласқа бергенімен, жерлесіміз айқастың тағдырын өзгерте білді. Екінші раундта Мажарстан спортшысы лас жұдырықтасқаны үшін, ұпайы да шегерілді. Қорытынды есеп: 5:0.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары