Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Қазақстан футбол құрамасындағы дебюттік матчы жайлы пікір білдірді , деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Qazsport» телеарнасына сілтеме жасап.
21 жастағы қақпашы Лига чемпионатындағы сәтті ойынынан кейін ұлттық құрамаға шақырылған болатын. Пенальти сериясындағы оның үш сейві «Қайраттың» басты еурокубоктың негізгі кезеңіне өтуіне көмектесті.
Анарбеков матч алдында жарақатынан алаңдағанын, сол себепті ойынға қатысу-қатыспауы екіталай болғанын айтты.
— Жаттықтырушыларға рахмет, маған сеніп, ойынға шығарғанына! Аздап ауырсыну болды, бірақ біздің медициналық штаб көмектесіп, ойынға жүз пайыз дайын болдым.
Негізгі құрамда шығу – әрі қуаныш, әрі жауапкершілік. Шақырту алғанда гол жібермеуге және командамен бірге жеңіске жетемін деп ниеттендім, — деді ол.