Енді Перизат Қайраттың дүние-мүлкімен сот орындаушылар айналысады. Бұл ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Тәркіленген мүліктер аукционға шығарылады, сол қаражаттан жәбірленушілерге келтірілген залал өтеледі», – деді ведомствода.
Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік тізімі:
Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй;
«Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер және автотұрақ орындары;
Mercedes-Benz S450 (2024 ж.ш.), Lexus LX 600 (2024 ж.ш.), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023 ж.ш.), Haval H6 GT (2024 ж.ш.) автокөліктері;
«Rebel Flowers» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
22 мың АҚШ доллары және 97 млн теңгеден астам ақша қаражаты.