Қазақстанда 500 және 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкноттар пайда болады. Оларды айналымға шығару 2025 жылдың соңына және 2026 жылға жоспарланған, деп хабарлайды turkystan.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда жаңа дизайндағы 10 000, 2 000 және 1 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізілген. Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллельді айналымы аяқталатын мерзімдерді атады:
- 2 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 24 маусымға дейін;
- 10 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
- 1 000 теңгелік банкноттар – 2027 жылғы 27 наурызға дейін.
Сондай-ақ, жаңа үлгідегі екі банкнотты шығару жоспарланған:
- 500 теңгелік банкнот – 2025 жылдың төртінші тоқсанында;
- 20 000 теңгелік банкнот – 2026 жылы.
Бұған қоса, 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 5 000 теңгелік ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллельді айналымы тоқтатылады.
25 қыркүйектен кейін барлық банктер мен «Қазпошта» ескі купюраларды жаңа үлгіге 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз қабылдайды.