Қайырымдылық қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған Перизат Қайрат пен оның анасының ісінде басқа фигуранттар жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тек Перизат Қайрат пен оның анасы ғана қайырымдылық қорының қаражатына жылжымайтын мүлік пен өзге де мүліктерді сатып алған.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.
«Сіздер білесіздер, біз ең алдымен түпкілікті пайда алушыдан шықтық. Яғни қорға түскен ақша массасын ақыр соңында кім иемденгенін анықтадық. Бұған дейін жылжымайтын мүлік нысандары туралы хабарлағанбыз: жеке үй, төрт пәтер, автокөліктер. Мұның барлығы Перизат пен оның анасы тарапынан осы ақшаға сатып алынған. Дәл осы қаржыны иемдену тұрғысынан біз қылмыстық іс аясында басқа фигуранттарды анықтаған жоқпыз», – деді ол сенат кулуарында.