Оралда қоқыстан табылған баланың мәйіті: Анасын қалай іздестіріп жатыр?

/
Оралда қоқыстан табылған баланың мәйіті: Анасын қалай іздестіріп жатыр?
istockphoto.com

Орал қаласының полициясы қоқыс контейнеріне жаңа туған нәрестенің денесін тастаған әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

14 тамыз күні Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде қоқыс контейнерінен сәбидің денесі табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

«Қазіргі таңда ананың жеке басы анықталуда. Полиция қызметкерлері медициналық мекемелерде есепте тұрған әйелдерді тексерді. Сондай-ақ есепте тұрмаған немесе түрлі себептермен (көшіп кету, басқа ұйымдарға тіркелу) есептен шыққан әйелдер де тексерілді. Аулада және пәтерлерде аралау жұмыстары жүргізілді. Жақын маңдағы жеке үйлер қаралды. Оқиға орнына жақын орналасқан кіреберістер мен аумақтардағы бейнекамералардағы жазбалар зерттелді. Ананы іздестіру жалғасуда. Егер сізде тергеуге көмектесетін қандай да бір ақпарат болса, мына телефон нөмірлерінің біріне хабарласуыңызды сұраймыз: 102, 98-15-01, 8-775-373-00-94», – деді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары