Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәліксіз бара алады

/
Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәліксіз бара алады
Ғаламтор

Бұдан былай қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен әрі визасыз бара алады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Максим Рожин мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұрын азаматтар жеке куәлікпен бара алмайтын. Енді бара алады. Енді тәртіп сақшылары ақпарат алмаса алады. Бұл ратификацияның тағы бір ерекшелігі – біздің елде қос азаматтық болмағанымен, ол Арменияда заңдастырылған дүние. Біздің елде қос азаматтығы бар адам анықталатын болса немесе қос азаматтығы бар адам біздің елге келетін болса оны ақпарат алмасу арқылы біліп отырамыз. Бұған дейін мұндай ақпаратты ала алмайтынбыз», – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары