Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қазақстандықтарды тәнті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Онда елордадағы мектептің жанында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар Қазақстан әнұраны ойнаған сәтте бірден жұмысын тоқтатып, құрмет көрсетті.
Әнұран мектептегі алғашқы қоңырау салтанатында шырқалған. Осы сәтте мектептің қасындағы ғимараттың құрылысшылары да қолындағы құралдарын қоя салып, мемлекеттік рәмізге ілтипат білдірген.
Бұл әрекет жұртшылықтың жылы ықыласына бөленді. «Нағыз азаматтар екен!», «Кей ата-аналардың өзі әнқұран орындалғанда дұрыс тұрмайды, ал мына жұмысшылар үлгі көрсетті», «Осындай патриоттық сәттер көп болсын» деген пікірлер жазылды.