Ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз деп сенемін – Темірлан Анарбеков

/
Ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз деп сенемін – Темірлан Анарбеков
KFF

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұлттық құраманың сапына шақырылмағаныма қуаныштымын. Соңғы рет Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан едім. Енді қайтадан шақырту алдым. Өткен ойынды ұмытып, бар ойымыз ұлттық құрамада болу керек.

Алла қаласа, жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Қазір жаттығуларға қатысып жатырмыз. Біз дайынбыз деп есептеймін. Құрамаға тыңғылықты дайындалуымыз керек. Ол ойын (Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты матч) тарихқа енді. Алла қаласа, ұлттық құрамамен де тарихта қаламыз  деп сенемін.

«Селтикке» қарсы ойындағы жеңісте тек менің емес, бүкіл команданың еңбегі жатыр. Маған сенім артқан бапкерлік құрам мен басшылыққа алғыс айтамын. Көңіл-күйім көтеріліп, құрама сапында жақсы ойын көрсетуге дайын боламын деп ойлаймын, – деді ойыншы.

«Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Плей-оффтың жауапты матчында «Селтикке» қарсы пенальти сериясында 21 жастағы Анарбеков шотландиялықтардың үш соққысын қайтарып, алматылықтарды Еуропаның басты клубтық турниріне алып шықты.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен кездеседі, ал одан кейін 7-8 қыркүйек түнінде Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары