Алаш арысының туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған Қостанай облысындағы негізгі іс-шаралар қай күндері өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Құрметті Жангелдин ауданының тұрғындары мен қонақтары, қадірменді жерлестер! Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, алаш арысы, атақты жерлесіміз Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған негізгі іс-шаралар 2025 жылғы 20-21 қыркүйек күндеріне белгіленді. Мәдени көпшілік және спорттық іс-шаралар Жангелдин ауданы Торғай ауылында өтетінін хабарлаймын", - деп жазды Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Торғайға баратынын мәлімдеген еді.