27 тамызға жасалған ауа райы болжамы жарияланды

/
27 тамызға жасалған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» мамандары 27 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжаушылардың айтуынша, елдің бірнеше өңірінде күн қатты ысып, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Осыған байланысты дабылды ескерту жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел соғады.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейіп, дауыл соғады, өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысында найзағай ойнап, жел тұрады, 35 градусқа дейін ыстық болады, жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе және Ұлытау облыстарында 37 градусқа дейін қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Атырау, Семей, Тараз, Талдықорған, Жезқазған қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-18 м/с күшейеді, жоғары өрт қаупі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары