Түнде қандай тағамдарды жеуге болады?

/
Түнде қандай тағамдарды жеуге болады?
cурет: istockphoto.com

Дұрыс тамақтану қағидаларын сақтап, ұйықтар алдында артық тамақ жеп қоймаудың жолы қандай? – turkystan.kz анықтап көрді.

Кешкі уақытта пайда болатын аштық сезімі көбіне жалған болып шығады және көбіне күйзелістен, шаршаудан немесе зеріккеннен туындайды.

Бірінші кеңес: шынымен ашсың ба, соңғы рет қашан тамақтанғаныңды ойлан. Сосын бір стакан су ішіп, 10 минут күте тұр, өйткені көп жағдайда біз шөлді аштықпен шатастырамыз. Егер содан кейін де әлі жегің келсе, шағын жеңіл ас ішуге болады.

Жайлап, асықпай тамақтаныңыз, телефонға немесе теледидарға алаңдамаңыз. Өзіңізге пайдасы бар тағамдарды таңдауға тырысыңыз.

Мысалы:
– сүт өнімдері кальций тапшылығын толықтыруға көмектеседі,
– ақуызға бай өнімдер аштықты тез басып, ұзаққа дейін тоқ жүруге мүмкіндік береді,
– ал клетчаткасы мол тағамдар ішектің жұмысын жақсартып, жүрек-қан тамырлары жүйесін қорғайды.

Ұйықтар алдында ең пайдалы жеңіл ас – жеңіл қорытыла­тын ақуызға (тауықтың төс еті, майсыз ақ балық, диеталық ет, майсыз йогурт, сүзбе, қайнатылған жұмыртқа) немесе тағамдық талшықтарға (бүтін дәнді дақылдар, тұтас ұннан жасалған нан, бұршақ, жасымық, көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақтар мен әртүрлі тұқымдар) бай тағамдар.

Ұйықтар алдында не жеуге болады?
– кез келген жеміс немесе көкөніс;
– бір ас қасық жаңғақ қоспасы және бір стақан майлылығы төмен йогурт;
– сәбіз, қияр немесе балдыркөктен жасалған таяқшалар хумуспен немесе сүзбемен;
– алма тілімдері жержаңғақ майымен;
– жарты банан салынған сэндвич және бір шай қасық бал;
– кішкене ыдыстағы тұтас дәнді үлпектер аз майлы сүтпен;
– аздаған жаңғақ;
– қайнатылған жұмыртқа;
– қайнатылған тауық төс еті мен салат жапырағы қосылған шағын сэндвич.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары