«Көлік мінгізді, бриллиант тақты»: Сәкен Майғазиевтің әйелі тойға қанша қаражат кеткенін айтты

/
«Көлік мінгізді, бриллиант тақты»: Сәкен Майғазиевтің әйелі тойға қанша қаражат кеткенін айтты
istockphoto.com

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева ұлдарының үйлену тойына кеткен шығынды айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, тойға сыйлықтармен есептегенде 60-70 миллион теңге кеткен.

«Той өте керемет өтті. Құдалығынан бастап, қазақтың жөн-жоралғысын жасадық. 800 адам қатысты. Екі адамнан есептегенде 400 отбасы келді. Өзіміз ойлағаннан жоғары деңгейде өтті. Той шығыны жабылды деп нақты айта алмаймын. Ең бастысы – балалардың бақыты. Құдалығында болатын киіттесуден бастап, сыйлықтарымызды есептегенде 60-70 миллиондай кетті. Кімнің қанша әкелгенін тізімнен көрейін. Сәкеннің жолдастары өте көп көмектесті», – деді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол берілген ең қымбат сыйлықтар туралы да айтты.

«Шымкенттен келген Сәкеннің жолдастары көлік мінгізді. Әдияға арнап неше түрлі бриллиант көзді бұйымдар сыйлады. Тағы да қонақтарымыз той шашуымыз деп бірнеше жылқы атады. Үйге келсек жылқыны жеткізе алмаймыз деп соғымдай берген кісілерге де рақмет. Жарнама қажет емес деп белгілі кондитер үйлерінің иесі тәттілерін үйіп-төгіп тастады. Осындай дүниелер көп. Бәріңізге алғыс айтамын. Берекесімен жасалған той болды», – деді Сәкен Майғазиевтің жары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары